Бір тұтас форма

Саға мектеп бала бақшасы аудандағы білім ордаларының арасынан алғашқы болып , бірыңғай форма үлгісін енгізіп, оқушылар толық қамтылып отыр. Бірыңғай қою қызыл түсті формадағы оқушылардың қаз-қатар сап түзеп тұрғаның өзі бір ерекше көрініс. әрине, бұл орайда талап пен тәртіпті ұштастыра білген мектеп ұжымы және олармен етене байланыс жасайтын ата-аналардың еңбегі көрініп - ақ тұр. Енді бұл үрдісті мұғалімдер ұжымы да жалғастырмақ. Бірінші жарты жылдықта мұғалімдердің бірыңғай формаға көшуі күн тәртібіне қойылды.

қайыңдыдағы "Жастар паркі"

"Ауылдың гүлденуі - қазақстанның гүлденуі" атты жастар марафон эстафетасы аясында тұңғыш рет қайыңды ауылында "Жастар паркі" бой көтерді. Осыдан ширек ғасыр бұрын қолға алынып, әртүрлі себептермен аяқсыз қалған саябақтың талдары бүгінде көлеңкесі мол саялы мекенге айналды. Ауылдағы клубқа жалғасып жатқан жердің халықтың демалыс орнына сұранып тұрғаны көрген адамға түсінікті еді. Жас марафоншылардың тың идеясы іс жүзінде қолдау тауып, аудан көлемінде теңдесі жоқ көрікті нысандардың біріне айналды.

 
Хостинг от uCoz