Мектеп ұжымы
Бүгінгі күні Саға мектеп-бала бақшасында 29 мұғалім бар. Оның ішінде 3 мұғалім жоғары санатты, 4 мұғалім І санатты, 10 мұғалім ІІ санатты. 24 мұғалім жоғары білімді. Мектебімізде 12 жас мұғалім бар. Оның екеуі ""Дипломмен ауылға"" бағдарлама аясында мектебімізге жұмысқа келді. Мектеп жанындағы бала бақшада 6 тәрбиеші қызмет жасайды. Олардың 4-і жоғары білімді.
Мектеп әкімшілігі

қазмағамбетов Кенжебай өтеуліұлы - мектеп директоры . Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі. 2007 жылдан бері Саға мектеп-бала бақшасының директоры қызметін атқарып келеді. 2009 жылы білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары мен жоғары көрсеткіштері үшін аудандық "Жыл адамы" номинациясымен, 2010 жылы "ШЖМ басқарудағы ең үздік үлгісі үшін" құрмет грамотасымен марапатталды.
қосбаева Куляш Амандыққызы - мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары. Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі. 2011 жылы "Білім сапасын арттырудың өзекті жолын тиімді пайдалана отырып, білімді шәкірттерді тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны үшін", 2011 жылы "ұйымдастырушылық танытып, көпке үлгі болып келе жатқан жоғарғы белсенділігі үшін" грамотамен марапатталған.

Нұғыманова Замзагүл Төлегенқызы - 2008 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Екінші санатты химия пәні мұғалімі. 2009 жылы аудандық "үздік мұғалім" атағын алды. 2010 жылы облыс әкімі Е.Сағындықовтың дипломымен марапатталды.

Бахтыгереева Гүлнар Ислямқызы - мектеп әдіскері. Екінші санатты биология пәні мұғалімі. 2010 жылы "Білім беру саласындағы қалтқысыз шығармашылық еңбегі және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін" Ақтөбе облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен, 2010 жылы "Ізденуші әдіскер" номинациясымен, 2011 жылы "Жаңашыл әдіскер" номинациясымен, 2011 жылы "Жаңа технологияларды пайдалану арқылы берген үлгілі сабағы, шығармашылық еңбегі үшін" аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.