Облыс әкімінің сыйлығы
Соңғы жылдары білім беру мен оқыту үрдісінің ең басты өлшемі - мектеп бітірушілерді ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өткізу болып табылуда. ұБТ қорытындысы оқушының мектеп қабырғасында қаншалықты білім алғандығының нәтижесін көрсетеді. Бұл тұста мектеп мұғалімдерінің білімі мен білігі, заманауи ақпараттық технология мен қаруландырумен тікелей байланысты. Мектептің жас түлектерге қойылған талаптары мен ішкі тәртібі мұғалім, ата-ана, оқушы тарапынан сабақтастығын тапқанда ғана нәтижелі болады. 2007 жылдан бері қарайтізбектейтін болсақ, мектеп бітіруші түлектердің ұБТ-ден аудан бойынша алдыңғы көрсеткішке жеткенін айта кетсек, ал 6 оқушымыздың "Алтын белгі" иегері атанғанын мақтанышпен айта аламыз.
Осындай жетістіктердіњ арқасында екі жыл қатарынан облыс әкімінің тағайындалған 1 000 000 (бір миллион) теңгені жеңіп алдық. Облыс бойынша орташа балл саны алдыңғы қатарлы мектеп-гимназиялармен бірге ондықтың құрамына кіру мектеп мерейі үшін үлкен қуаныш.