Сағадағы білімнің бағасы

"Ел болашағы - білімді ұрпақ қолында" деген кемел сөзді көмкерер болсақ, мектеп оқушыларының білім ордасынан саналы, салауатты, білімді жеке тұлға болып шығуы керек дегенді меңзейді. Жас ұрпаққа оқу мен тәрбиені қатар бере отырып, баянды да нәтижелі істерімен аудан бойынша алдыңғы қатарлы орыннан көрініп жүрген мектебіміздің жетістіктерін айта кетейік. Облыс бойынша қазіргі таңда орта мектептердің 82,2 пайыз көрсеткіші шағын жинақталған мектептер үлесіне тиетінін ескерсек, бұл мектептердің өз алдына оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде көптеген ерекшеліктер мен проблемалардың бар екендігі сөзсіз. Осы мақсатта мектебімізде "Білім беруді дамыту жағдайында ШЖМ-ді педагогикалық-психологиялық үрдіс және оны басқару ерекшеліктері" атты тақырыпта Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен ауданаралық іс-тәжірибе алмасу семинары өтті. Көршілес Хобда, Ойыл аудандарынан келген ШЖМ директорлары ауыл мектептеріндегі оқыту мен тәрбиелеудің өзекті проблемалары туралы ой қозғап, алға қойған мақсаттарын межелеп берді. Семинар нәтижесі басшылық тарапынан қанағаттанарлық деп бағаланды.

 

<1> <2> <3> <4> <5>

 
Хостинг от uCoz