Мектептің қысқаша тарихы
қайыңды ауылындағы бастауыш мектеп колхоздар іріленгеннен кейін жеті жылдық мектепке айналып, 1951-52 оқу жылында өзінің орта буын кластарына оқушыларын қабылдауды бастаған. 1951 жылы шаруашылық күшімен салынған төрт кластық бөлмесі бар мектеп үйі пайдалануға берілді. Оның құрылысын сол кездегі колхоздың жұмысшылары О.Есмұқанов, С.Төребеков, К.қамысбаев, М.Көтібаров, Д.қисықов және Р.қошқаров мектеп директоры А.қожақовтың бастауымен жүргізді. 1966 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін мектеп басшысы болып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі жоғары бағаланған ұстаз А.қожақов 1961 жылы Ленин орденімен марапатталған. 1965-66 оқу жылының өзінде мектепте 180 оқушы, 16 мұғалім болса, мектеп жанындағы интернатта 25 оқушы тәрбиеленді.
Бастауыш мектептен орталау мектептің қалыптасу кезеңінде еңбек еткен “қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі” мектеп директорының 1951-75 жылдардағы оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қ.Орынбасаровтың мұғалімдер қ.өтешованың, Ш.Сүлейменовтың, А.қалауовтың, Д.құрманалиннің, Т.Сүтеновтың, қ.Шүтеновтың, Х.Мүбаракованың, қ.Алдабергеновтың, 1966-1981 жылдардағы мектеп басшысы “қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі” М.Дүйсенғалиевтың еңбектері жас ұрпақ тәрбиесінде еңбек етіп, қазіргі буын үшін үлгі өнеге.
Мектеп 1979 жылы орта мектепке айналды. Сол жылы екі қатарлы типтік жобадағы мектеп үйі пайдалануға беріліп, 440-ге тарта оқушы білім алса, оларға 358 арнаулы орта және жоғары дәрежелі білімді мұғалімдер тәлім-тәрбие берді. Осы жылдары Ығылманова Бибіш (1987 ж.), қызылғұлова Макен (1999 ж.), Нұрмұхамбетова Күнзипа "Білім беру ісінің үздігі" атақтарын алды.
2002 жылдан бастап Саға орта мектебі Саға мектеп-бала бақшасы болып қайта құрылды. Ауыл мектебі қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан Елбасымыз Н.ә.Назарбаевтың қолдауымен “Ауыл бағдарламасы” арќылы кейіндеп ќалған ауыл тіршілігін, мәдениетін, білім ошаќтарын, ауыл шаруашылығын көркейтудің жұмыстары қолға алынып отыр. Іргетасы 1979 жылы қаланып бітіп, қаңтарда пайдалануға берілген екі қабатты оќу ғимаратының іске қосылғанына биыл 32 жыл толып отыр. қойнауы тарихқа толы қара шаңырақтан мыңдаған түлектер түлеп ұшты.