Педагогикалық жетістіктер
Мектебімізде білім беру жолында елеулі еңбегімен үздік жетістіктерге жетіп жүрген мұғалімдерді облыстық, аудандық, мектепішілік марапаттарға ұсыну, сыйлықтар табыс ету дәстүрге айналып келеді. өткен оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі А.Елекеева, биология пәні мұғалімі Г.Бахтыгереева, дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі Р. құрманғазиндер облыстық құрмет грамотасымен марапатталды. Тарих
пәні мұғалімі Т.Дүйсенғалиев аудан әкімінің «үздік мұғалім-2010» номинациясы мен грантына ие
болса, бастауыш сынып мұғалімі Г.Бікірова аудан әкімінің «үздік сынып жетекшісі-2010» номинациясы
мен грантына ие болды. Аудан әкімінің «үздік балабақша тәрбиешісі-2010» номинациясына
Б.Аққошқарова ие болды. Биылғы оқу жылында да көптеген мұғалімдеріміз марапаттар алды.
Олардың қатарында тарих пәні мұғалімі Т.Дүйсенғалиев облыс әкімінің «Облыстың үздік мұғалімі»
грантын иеленді.
Ал бастауыш сынып мұғалімі Г.Бікірова «Облыстың үздік сынып жетекшісі» грантын алды.
Облыстық құрмет грамотасымен тарих пәні мұғалімі К.қосбаева марапатталса, аудандық құрмет
грамотасымен мектеп психолгы М.Баймбетова марапатталды. Онымен қоса мектепішілік марапатқа
физика пәні мұғалімі Б.құлбатырова, Л.Бікірова мен қ. Баймбетовтерге алғыс жарияланып, еңбек
кітапшасына жазылуға бұйрық шығарылды.